25-26 сәуір күндері Халықаралық білім беру корпорациясында жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVI Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға 10 жоғарғы оқу орындары қатысты. Тұран Университетінің атынан «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының екінші курс студенті Мұратқызы Айсара мен үшінші курс студенттері Сымбат Наухан мен Диас Балтабаев қатысты. Топ жетекшісі Әлміш Жадыра Талғатқызы.
Олимпиада нәтижесінде «Журналистика» оқу бағдарламасының студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынды иеленді. Студенттерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!