2024 жылдың 13 мамырында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдары «Тұран» университетінің студенттерімен «Ел болашағы – жалынды жастар» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесудің модераторы Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары – Оспанов Болат Мусагажинович болса, спикерлер қатарында: «Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығының» төрағасы, Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесі мүшесі – Долкунтай Абдухалил; Алматы қ. «Қазақстандағы орыс мәдени орталығы» ҚБ филиалының төрағасы, Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары – Лукашев Всеволод Анатольевич; «Алматы Корей ұлттық орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары – Кан Георгий Васильевич; «Мұрас» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы – Ташибеков Манас болды.
Спикерлер әсіресе жалпыұлттық бірлікті нығайтуға және өскелең ұрпақ арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған заманауи жағдайда жастарды патриоттық тәрбиелеу тақырыбына көңіл бөлді.
Сондай-ақ, Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің өкілдері Қазақстан этностары өкілдерінің арасынан елімізде бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетуге қабілетті жарқын көшбасшыларды тәрбиелеуге ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
«Тұран» университетінің студенттері диалогқа белсенді қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен жұмысын талқылады. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сұрақтардың жауаптарын алды. Іс-шара Қазақстанның ынтымақтастық, бір-бірін құрметтеу және этносаралық келісім қағидаттарының дамуының маңыздылығын талқылауға тамаша мүмкіндік болды.
Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің өкілдері студенттерге оқуда табыс, жарқын болашақ және табысты даму тіледі.