2024 жылдың 10 мамыр күні «Тұран» университетінде «Орталық Азия жарнама Қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Тютькова Анна Владимировнамен кездесу өтті.
Орталық Азия жарнама қауымдастығы (ОАЖҚ) – бұл аймақта жарнама индустриясын дамыту мақсатында жалпы кәсіби мүдделерді білдіру және қорғау үшін құрылған жарнама саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі.
Кездесу барысында маркетинг, жарнама және қоғаммен байланыс саласындағы болашақ бірлескен бастамалар мен іс-шараларға негіз қалап, «Тұран» университеті мен «Орталық Азия жарнама Қауымдастығы» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.