Demo Day EDTech Incubator

2024 жылғы 10 мамырда “Тұран” университетінде Demo Day EDTECH INCUBATOR өтті, онда кәсіпкерлер білім беру технологиялары саласындағы өздерінің стартаптарын ұсынды.
Бір ай ішінде кәсіпкерлер EdTech Incubator-да инкубациядан өтті. EDTECH Incubator-ға жіберілген 120 өтінімнің ішінен 15 үздік стартап таңдалды, оның 9-ы 10 мамырда Demo Day-да сөз сөйледі.

Demo Day қазылар алқасының мүшелері болғандар:

  1. Әсел Әбдірахманова – Innovations Manager MOST Holding.
  2. Сергей Левадний – IMPRO трекері.
  3. Екатерина Ким – т.ғ.к., “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

 

Қазылар алқасының шешімімен келесі орындар белгіленді:

  1. I дәрежелі Диплом – Dara стартапы (жүлде – 500.000 теңге).
  2. II дәрежелі Диплом – Metan HR стартапы (жүлде – акселерациядағы орын).
  3. III дәрежелі Диплом – Strategy Academy стартапы (жүлде – венчурлық форумға 2 билет).
    Қатысушларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және олардың барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!!!
Online қабылдау