«Қазақ-поляк байланыстарының тарихы танымал тұлғалардың мысалында» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2024 жылдың 20 мамыр күні «Тұран» университеті «Қазақ-поляк байланыстарының тарихы танымал тұлғалардың мысалында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты еліміздің аумағында болып жатқан қазақ-поляк қатынастарының тарихи оқиғаларын зерттеу болды.

 

Аталған дөңгелек үстел жұмысына жетекші сарапшылар мен белгілі ғалымдар, сондай-ақ қазақстандық жас зерттеушілер мен дипломаттар қатысты.

 

Отырыста белгілі ғалымдар мен сарапшылардың барлығы 8 баяндамасы тыңдалды. Дөңгелек үстел гибридті күндізгі-қашықтық форматында өтті: қатысушылардың жартысы зум арқылы Польша мен Бельгиядан қатысты. Бас модератор «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, PhD Ж.М. Төлен болды.

 

«Қазақ-поляк байланыстарының тарихы танымал тұлғалардың мысалында» кітабының авторлары Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан және саясаттанушы, тарихшы, PhD кандидат Жандос Әуелбекұлы Каринбаев қазақ-поляк қатынастарының теориялық және әдіснамалық мәселелері бойынша негізгі баяндамаларын жасады.

 

Негізгі ғылыми баяндамалармен қатар дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына белгілі қазақстандық және поляк ғалымдарының баяндамалары ұсынылды, М.Ш. Губайдуллина – тарих ғылымдарының докторы, профессор, доктор Дмитрий Панто – Гданьск қаласындағы екінші дүниежүзілік соғыс мұражайының бас ғылыми қызметкері, Л.Т. Исова – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент және т.б.

 

Жалпы, екі халықтың көрнекті тұлғаларының өзара байланысына арналған кітапта қазақ, орыс және поляк тілдеріндегі маңызды дереккөздер толық өңделген. Еңбекте тікелей және жанама қамтылған адамдардың саны – 470 адамды құрайды. Кітап қазақ-поляк қатынастарын зерттеуші мамандарға, тарихшыларға, мәдениеттанушыларға, сондай-ақ қалың жұртшылыққа арналған.

 

Жалпы, дөңгелек үстел жұмысы қазақ-поляк қатынастарының тарихы бойынша ғалымдар мен сарапшыларды қызықты пікірталасқа тарта отырып, әртүрлі ғылыми идеялармен алмасу алаңына айналды.

 

Дөңгелек үстел бағдарламасымен мына жерден танысуға болады.

Online қабылдау