Германиядағы Лейпциг Университетінде докторанттардың тағылымдамасы

2024 жылдын 11 сәуір айынан бастап 11 мамырға дейін «8D03101 – Психология» білім беру бағдарламасының  2  курс докторанттары Турниязова Жанар Куанышевна мен Шукеева Аяужан Муратхановна дейін Лейпциг университетінде (Германия) сертификатталған халықаралық негізде білім беру орталығы базасында  шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Лейпциг университеті ­­­– 1409 жылы құрылған мемлекеттік коммерциялық емес оқу орны. Лейпциг университеті Еуропалық университет қауымдастығының (EUA), Utrecht Network құрамына кіреді.

 

Университет QS халықаралық рейтингі бойынша әлемнің үздік университеттерінің 480 позициясында. Университет QS Халықаралық рейтингінің нұсқасы бойынша Университет QS рейтингімен өнер және гуманитарлық ғылымдар, медицина – биологиялық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар және менеджмент, инженерия және технологиялар саласы бойынша ең үздіктердің қатарында.

 

Шетелдік тағылымдама психология ғылымдарының докторы, профессор Алена Гарбер мен профессор Конрад Решкенің жетекшілігімен өтілді.

 

Тағылымдама барысында докторанттар докторлық диссертация жазу шеңберінде ғылыми-ұйымдастырушылық қызмет және ғылыми-зерттеу жұмысы сияқты бағыттар бойынша қосымша академиялық дайындықтан өтті. Сонымен қатар, докторанттар профессор Конрад Решкенің дәріс сабақтарына, семинарларына қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша кеңес алды, ғылыми-әдістемелік семинарларға қатысты, зерттеу әдістемесін және халықаралық рецензияланған ғылыми журналда мақалалар жариялауды талқылады. Олар университеттің кітапхана ресурстарымен және материалдық-техникалық базасымен танысты.

 

Бағдарлама аяқталғаннан кейін докторанттарға шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткендігі туралы сертификаттар берілді.

Online қабылдау