Ресей Халықтар Достығы Университетінде (Мәскеу қ., РФ) докторанттың ғылыми тағылымдамасы

2024 жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында «8D04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасының  2 курс докторанты Урбисинова Нұргүл Еркінқызы Ресей халықтар достығы университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. РУДН-дағы білім беру процесінде халықаралық ынтымақтастық үлкен рөл атқарады. 53 дамушы елдердің университеттерінің ынтымақтастығы туралы келісімдер ТОР-500 QS-тен 65 университет, РУДН «QS World University Rankings» университеттерінің әлемдік рейтингінде 295 орын алады.

 

Тағылымдама барысында докторант университеттің қызметімен танысып, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты. Атап айтқанда, «Қазіргі кезеңде мемлекеттің дамуындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқарудың рөлі» атты IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы; Мемлекеттік басқару университеті ұйымдастыруымен №7 «Цифрлық трансформация: азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын құқықтық реттеу және қорғау мәселелері» секциясы; ММУ заң факультетінің ұйымдастыруымен  «Ломоносов-2024» «Қылмыстық құқық және криминология» атты конференциясы; Ресей адвокатура және Нотариат университеті Г. Б. Мирзоева ұйымдастыруымен «Құқық, адвокатура, нотариат» атты Халықаралық ғылыми оқулары.

 

Н.Е. Урбисинова Мәскеу облысының Химки қаласында орналасқан РУДН университеті мен МГУ кітапханаларында, Ресей мемлекеттік кітапханасының диссертациялық бөлімінің оқу залында докторлық диссертация мен ғылыми мақалаларға материалдар жинау бойынша жұмыс жүргізді.

 

Ғылыми тағылымдама жетекшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Л.А. Букалеровамен ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде әдіснама және зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша консультация өткізілді. Сондай-ақ, заң ғылымдарының докторы В.И. Селиверстовпен және заң ғылымдарының кандидаты В. В. Степановпен докторлық диссертация тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылады.

Online қабылдау