“Ақпараттық технологиялар” кафедрасының оқытушылары мен магистранттары үшін “Scopus-та жариялау үшін ғылыми мақалалар дайындау” ғылыми мастер-класы

2024 жылдың 29 мамырында “Тұран” университетінде “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының оқытушылары мен магистранттары үшін “Scopus-та жариялау үшін ғылыми мақалалар дайындау” тақырыбында ғылыми мастер-класс өткізілді.

 

Семинар спикері – PhD, “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сәуле Әскербекқызы Бельгинова кафедра оқытушыларының алдында ғылыми мақалалар дайындау және оларды Scopus сияқты  ғылыми-метриялық дерекқорларда жариялау тәжірибесімен бөлісті.

 

Сауле Әскербекқызы мастер-класта ғылыми қызметпен не үшін айналысу керектігін, білім салалары бойынша журналдарды қалай табуға болатынын, мақалаларды дайындау мен жариялау қандай кезеңдерден тұратынын, мақала жазу кезінде қандай құрылымды ұстану керектігін айтты.

 

Мастер-класс соңында Сәуле Әскербекқызы оқытушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, Scopus және Web of Science дерекқорларына кіретін түрлі журналдарда табысты жарияланымдар жасауға тілектестік білдірді.

 

Мастер-класс модераторы – т.ғ.к., қауымд. профессор Ким Екатерина Романовна.

Online қабылдау