Тұран университетінің сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры АҚШ-та ғылыми тағылымдамадан өтті

2023 жылдың 24 тамызы мен 2024 жылдың 29 мамыры аралығында «Тұран» университетінің қауымдастырылған профессоры, сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры Таяуова Гулжанат Жубаткановна АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы The George Washington University School of Business мекемесінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының 2023 жылғы 22 маусымдағы №23-32-8.3 хаттамасына сәйкес Г.Ж. Таяуоваға Қазақстанның үздік 500 ғалымын  тағылымдамадан өткізу бағдарламасы аясында «Білім берудегі менеджмент» бағыты бойынша шетелде оқу үшін Қазақстан Республикасының «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды.

Online қабылдау