Тұран Университеті Times Higher Education (THE) Рейтенгінде: Тұрақты даму мақсаттарына үлес

Тұран университеті БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үдерісіне белсенді қатысады, бұл the Impact ranking рейтингінде көрініс тапқан. Times Higher Education (THE), жоғары оқу орындарының рейтингтері бойынша танымал әлемдік көшбасшы, БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатына арналған the Impact Ranking-ті қолдайды. Бұл мақсаттар 2030 жылға қарай жарқын және тұрақты болашақты құрудың кілті болып табылады. The Impact Ranking бүкіл әлем бойынша университеттердің осы мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесін бағалауға арналған.

 

Times Higher Education Impact Ranking рейтингінің 2024 жылғы нәтижелері бойынша Тұран университеті әлемнің 1963 университеті арасында 1001-1500 позициясын иеленді. Жекелеген бағыттар бойынша университет келесі нәтижелерге қол жеткізді:

 

  • Гендерлік теңдік – 401-600 орын.
  • Бейбітшілік, әділеттілік және мықты институттар – 401-600 орын.
  • Лайықты еңбек және экономикалық өсу – 601-800 орын.
  • Мақсаттар үшін серіктестік – 1001 + орын.

 

«Тұран» университетінің ұжымын осы жетістіктерімен және БҰҰ -ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі жаһандық күш-жігерге қосқан үлесімен құттықтаймыз!

Online қабылдау