«Тұран» университетінің докторанттары Г.В.Плеханов атындағы Ресей Экономикалық Университетінде (Мәскеу қ., РФ) шетелдік тағылымдамадан өтті

Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті – Ресей Федерациясының жетекші экономикалық жоғары мекемесі, “Экономика” бағытындағы мамандандырулар саны бойынша елдегі ең ірі болып табылады. Ресейдің экономикалық профиліндегі ең көне жоғары білім беру мекемесі 1907 жылы құрылды. Бүгінгі таңда бұл экономика, тауартану және технология саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау жөніндегі ең ірі оқу және ғылыми орталық.

 

Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті оқу сапасы бойынша QS Stars University рейтингінде 5 жұлдыз алған алғашқы жоғары оқу орны болып табылады. QS World University Rankings-2024 Дүниежүзілік рейтингіне сәйкес, Г.В.Плеханов атындағы РЭУ әлемнің үздік 800 жоғары оқу орындарының қатарына, сондай-ақ «Экономика және эконометрика» пәндік рейтингінде (QS World University Rankings by Subject) топ 151-200-ге кіреді.

 

2024 жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында «Экономика» БББ 2 курс докторанты Нуманова Фируза Г.В. Плеханов атындағы РЭУ-де ғылыми тағылымдамадан өтті. Шетелдік ғылыми кеңесші – Максимов Денис Алексеевич – экономика ғылымдарының докторы, доцент, экономикадағы математикалық әдістер кафедрасының меңгерушісі, «Форсайт» дарынды жастардың арнайы факультеті деканының міндетін атқарушы (Жоғары мектеп), Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, Ресей экологиялық академиясының академигі, Ресей білім академиясының сарапшысы.

 

Шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту кезінде университеттің деректер базасымен танысу өтті, зерттеу үшін қажетті ресурстар әзірленді. Докторант университеттің жетекші профессорларының дәрістері мен семинарларына қатысып, МУМЦФМ-де оқыды, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл саласындағы жоғары білім беру ұйымдарының мамандарын оқытудағы тәжірибеге бағытталған тәсіл» курсынан өтті, сертификат алды. Сертификаттар ала отырып, екі конференцияға қатысты. «Технокод» технологиялық кәсіпкерліктің II фестиваліне қатысты. Диссертация шеңберінде ғылыми зерттеулерге қатысты шетелдік ғылыми кеңесшімен бірнеше консультациялар және егжей-тегжейлі талқылаулар өткізілді.

 

2024 жылғы 29 сәуір мен 29 мамыр аралығында «Экономика» БББ 2 докторанты Джамалова Гаухар және «Менеджмент» БББ Бейсебаева Әлия шетелдік ғылыми кеңесші Гринева Ольга Олеговна, экономика ғылымдарының кандидаты, креативті индустриялар жоғары мектебінің доценті жетекшілігімен РЭУ-де шетелдік тағылымдамадан өтті. 2024 жылдың 15-16 мамырда докторанттар Мәскеу академиялық экономикалық форумына және Ресей Ғылым академиясы өткізген дөңгелек үстелге қатысты.

 

Шетелдік тағылымдамадан өту кезінде докторанттар тағылымдама бағдарламасын сәтті игерді, Л. И. Абалкин РЭУ кітапхана мен электрондық базаның зерттеу тақырыбы бойынша материалдарын зерделеді. Айта кету керек, докторанттар Ресей мемлекеттік кітапханасына бірнеше рет барған.

 

Докторанттарды тағылымдамадан өткізудің негізгі мақсаты докторлық диссертация жазу үшін материалдар жинау, сондай-ақ мақалалар жариялау, әлемдік ғылымның соңғы жетістіктерін игеру, ғылыми және кәсіби қызметте, ғылыми зерттеу саласында практикалық дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Тағылымдама соңында шетелдік тағылымдамадан өткені туралы сертификат алынды.

Online қабылдау