Еңбек нарығының жаһандануы және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында заманауи адамның жаңа білімге, дағдылар мен құзыреттерге қажеттілігі айтарлықтай артты. Отандық және шетелдік жетекші компаниялардың мамандардың біліктілігіне қойылатын жоғары талаптары көбінесе жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім туралы дипломмен қанағаттандырыла алмайды. Бұл жағдайда жас ерекшелігіне және қызмет саласына қарамастан барлығына қолжетімді формальды емес білім беру аясында қосымша бағдарламалар мен курстарды меңгеру мүмкіндігі бар.
Формальды емес білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыра отырып, «Тұран» университеті білім алушылардың біліктілігін арттыру және жаңа білім мен технологияларды меңгерудегі білім беру қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай жасайды. Жаңа тұлғалық және кәсіби құзыреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік береді. Бағдарламаны (курсты) сәтті аяқтағаннан кейін сертификат және (немесе) транскрипт беріледі.
Небәрі 2 айдың ішінде «Тұран» университетінің үздіксіз білім беру институтының студенті Станислав Левин формальды емес білім беру аясында «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша қосымша пәндер курсын меңгерді!
Түлекке кәсіби мансабын жалғастырып, беделді шетелдік компанияда табысты дамуын тілейміз.