«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары

Құрметті талапкерлер!

2024-2025 оқу жылына «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры университетімізге күндізгі оқуға бакалавриат бағдарламалары бойынша 5 білім грантын бөлгенін қуана хабарлаймыз.

Грант иегері болу үшін құжаттарды қабылдау комиссиясына 17 тамызға дейін тапсыру қажет.

Қатысушы талапкерлердің санаттары:

  1. ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы табысы аз отбасылардан;
  2. жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  3. мүгедектігі бар адамдар;
  4. мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан;
  5. 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
  6. 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы қоса алғанда 29 жас.

Болашақ студенттерге сәттілік тілейміз!

Online қабылдау