ҚЫРКҮЙЕК: білім, тіл мен мәдениет мейрамы!

Қыркүйек – ерекше оқиғалар мен мерекелерге толы ай. Біз сіздерді кітап көрмелерімізді тамашалауға шақырамыз. Осы айда келесі тақырыптағы көрмелерді ұсынамыз:

1. Білім күні –  болашаққа қадам

Көрмеде Қазақстанда және одан тыс жерлерде білім беруді ұйымдастыру және реформалау туралы кітаптар ұсынылған. Сондай-ақ, көрнекті ағартушы және педагог Ыбырай Алтынсариннің шығармалар жинақтары, ғылыми-зерттеу мақалалары, сондай-ақ оның өмірі мен қызметін көркем бейнелеуге арналған шығармалары бар.

2. Қазақстан халқы тілдері күні

Бұл кітап көрмесінде тілдерді тиімді үйренудің құпияларын ашатын «Искусство изучать языки»  және «Как перестать учить иностранный язык и начать на нем жить» сияқты кітаптар бар. «Языки народов Казахстана» және «Язык и межкультурная коммуникация» кітаптары еліміздің тілдік және мәдени әртүрлілігінің байлығын түсінуге көмектеседі.

3. Алматы қаласы күні

Алматы қаласы күніне арналған көрмеде сіз таңғажайып қаламыз туралы көптеген жаңа және қызықты мәліметтерді біле аласыз. Мұнда Алматының тарихын ашатын, қызықты деректер мен оқиғаларға толы кітаптар ұсынылған.

Оқырмандарды тау етегіндегі қала атмосферасына енгізетін «В городе яблок» кітабы ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл шығармада шынайы оқиғалар мен қала аңыздары, өмірлік оқиғалар мен өткен шаққа шолулар көрініс табады. Әңгіме кейіпкерлері сізді өз әлеміне шақырады, онда сіз қайғырып та, күле де аласыз, өткенді еске түсіресіз және қазіргі уақыттың құнды сәттерін де жіберіп алмайсыз. Бірақ ең бастысы, кітап беттерінде әркім өз бақытын таба алатын қаланың бейнесі ашылады.

4. Туризм және сервис

Көрмеде туризм және сервис саласындағы болашақ мамандарды оқытуға арналған пайдалы кітаптар ұсынылған.

Online қабылдау