Академиялық ұтқырлық 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне Lawrence Technological University-де

Құрметті бакалавриат студенттері!

 

АҚШ-тағы Lawrence Technological University-мен ынтымақтастық келісіміне сәйкес, LTU 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға студенттерді шақырады.

 

Орындар саны шектелмеген. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы оқу тегін ұсынылады. Студент жатақханаға орналасу, билеттер сатып алу және сақтандыру рәсімдеу шығындарын өзі өтейді.

 

Ұтқырлықтың жоспарланған мерзімі: 2025 жылдың 8 қаңтарынан 2025 жылдың 6 мамырына дейін.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

 

  • тәртіптікжазаменакадемиялыққарыздарыжоқ, 2-3 курсбакалавриатстуденттері;
  • GPA – 2.7-ден төмен емес.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

 

  • өтініш (1-қосымша);
  • паспорттың көшірмесі;
  • транскрипт;
  • enrollment certificate;
  • білім беру бағдарламасының жетекшісінен ұсыныс хаттары;
  • марапаттар, сертификаттар, жарияланымдар және т.б.

 

Құжаттарды 2024 жылдың 25 қыркүйегіне дейін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (707-каб.) тапсыру қажет.

 

Толық ақпарат алу үшін Жадыра Кенжебаеваға, ХЫБ маманына (707-каб.) жеке жүгініңіз немесе international@turan-edu.kz электрондық поштасына хабарласыңыз, сондай-ақ +7 (727) 260 4023 (ішкі.1045) телефоны арқылы байланыса аласыз.

Online қабылдау