«Тұран» Университеті Қазақстан Республикасында АЭС салу мәселелері бойынша студенттермен кездесу өткізді

«Тұран» университетінде АЭС құрылысы бойынша халық штабының мүшесі, ядролық физика саласындағы ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Әбішев Медеу Ержанұлымен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында студенттер АЭС құрылысына қатысты сұрақтар қойды. М.Е. Әбішев студенттерге атом электр станциясын салудың артықшылықтары, салдары және жасыл экономика туралы айтып берді.

 

Кездесу соңында, Әбішев Медеу Ержанұлы барлық студенттерді өздерінің белсенді азаматтық ұстанымын білдіріп, 2024 жылғы 6 қазанда өтетін референдумға қатысуға шақырды.

Online қабылдау