Академиялық ұтқырлық 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне Obuda University-де

Құрметті бакалавриат студенттері!

 

Венгриядағы Obuda University-мен ынтымақтастық келісіміне сәйкес, ОU 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға студенттерді шақырады.

 

Орындар саны 3. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы оқу тегін ұсынылады. Студент жатақханаға орналасу, билеттер сатып алу және сақтандыру рәсімдеу шығындарын өзі өтейді.

 

Ұтқырлықтың жоспарланған мерзімі: 05.02.2025 – 29.06.2025.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

 

  • тәртіптікжазаменакадемиялыққарыздарыжоқ, 2-3 курсбакалавриатстуденттері;
  • GPA – 2.7-ден төмен емес.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

 

  • өтініш (1-қосымша);
  • паспорттың көшірмесі;
  • транскрипт;
  • enrollment certificate;
  • білім беру бағдарламасының жетекшісінен ұсыныс хаттары;
  • марапаттар, сертификаттар, жарияланымдар және т.б.
  • CV

 

Құжаттарды 2024 жылдың 16 қазанға дейін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (707-каб.) тапсыру қажет.

 

Толық ақпарат алу үшін Жадыра Кенжебаеваға, ХЫБ маманына (707-каб.) жеке жүгініңіз немесе international@turan-edu.kz электрондық поштасына хабарласыңыз, сондай-ақ +7 (727) 260 4023 (ішкі.1045) телефоны арқылы байланыса аласыз.

Online қабылдау