Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы үшін өзекті мәселелердің бірі – су тапшылығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ирригация жүйелері және жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу қажеттігі ерекше атап өтілді, тиісті мамандарға осы мәселені шешу бойынша тапсырма да берілді.
25 қыркүйек күні, Туран университетінде осы мәселеге қатысты «Туран өзені – Орталық Азияның негізі өзені» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бастаманы ұсынған – Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясы, қолдау көрсетіп, іс-шараның тиісті деңгейде өткізілуін қамтамасыз еткен – «Туран университеті».
Дөңгелек үстелге еліміздің суға қатысы бар құзыретті органдар өкілдері: «Туран» университетінің ректоры, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі – Рахман Алшанович, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры – Нұрлан Нұрмаханұлы, институт профессоры – Қарлыхан Оразханұлы, У.А. Ахмедсафин атындағы гидрогеология институтының директоры – Малис Кудысович, «Астана халықаралық» зерттеу кешенінің директоры – Қайрат Аменгелдіұлы, ҚР ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі – Фархат Шаймұратұлы, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры – Алмас Токтасынович, География және су қауіпсіздігі институтының табиғи-шаруашылық жүйелерді сумен қамтамасыз ету және математикалық модельдеу зертханасының меңгерушісі – Лидия Сергазиевна, «Фактор» жүйелік зерттеу компаниясының бас директоры – Марс Беккалиевич және басты баяндамашы – физика-математика ғыылымдарының докторы – Серік Минаварович, сондай- ақ, университет оқытушулары мен жас мамандар қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты, баяндамашының еліміздегі су тапшылығын шешуге бағытталған баяндамасын тыңдап – сараптау, оны жан-жақты талқылау.
Баяндама, қатысушылардың үлкен қызығушылын туғызды. Тиісті мамандар баяндамаға өз ойларын білдіріп, оның қызықты және қажетті жоба екенін атап, алдағы уақытта менмлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген іс-шара өткізіліп, жобаның қажетті деңгейде талқылану қажет екендігі көрсетілді.
Өз кезегінде университет ректоры Рахман Алшанович, баяндамашы мен қатысушаларға үлкен алғыс білдіріп, осындай жобалардың елімізге қажет екендігін, еліміздің дамуы мен нығаюына бағытталған осындай іс-шараларды университет әрдайым қолдап, тиімді диалогтық алаң болуға дайын екендігін жеткізді.