2024 жылғы 27 қыркүйекте адамзаттың саяхат сүйер бөлігі Дүниежүзілік туризм күнін атап өтті. Осы күні Алматыдағы Оқушылар сарайында туристік-өлкетану және экологиялық-биологиялық бағыттағы ұйымдар басшыларының Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңестің модераторы ҚР ПМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры – Р.П. Шер болды. Бағдарламаға сәйкес «Қазақстан Республикасындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі туралы модельдік заңды әзірлеу әлеуеті» тақырыбында баяндама жасалды. «Тұран» университетінің Туризм ҒЗИ директоры, профессор В.Н. Вуколов баяндамамен сөз сөйледі. Отырыста қатысушылар ең өзекті мәселелерді талқылады. Кеңес жұмысына белсене қатысқаны үшін профессор В.Н. Вуколовқа РҚБОӘО-ның алғыс хаты табыс етілді.