Дүниежүзілік туризм күніне арналған Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің 1 курс білім алушыларының «Тау Тұран» ОСК-қа дәстүрлі сапары

Жоғары Туризм және Қонақжайлылық мектебі жыл сайын 1 курс «Туризм», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі», «Туризм және қонақжайлылық инновацияларының менеджменті» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін Дүниежүзілік туризм күніне орай «Тау Тұран» оқу-сауықтыру  кешенінде сапарды   ұйымдастырады. Биыл білім алушыларға арналған тимбилдинг өткізілді, оның аясында студенттер бір-бірін жақсырақ танып, өз эдвайзерлері және Жоғары туризм және қонақжайлылық мектебінің оқытушылар құрамымен жақын танысу мүмкіндігіне ие болды. Бірлескен ойындар кезінде студенттер бір-бірін жақынырақ танып, достық қарым-қатынас орнатуға, ұжымның тезірек бірігуіне ықпал етеді.

 

Туризм индустриясында қызмет атқаратын барлық әріптестер мен білім алушыларды Дүниежүзілік туризм күнімен құттықтаймыз!

Online қабылдау