«Тұранда» жастардың ішкі мүмкіндіктері ашылды!

Қазіргі заманда білім беру жүйесіне үлкен талаптар қойылуда. Білім беріп қана қоймай, жастардың ішкі мүмкіндіктерін ашу, олардың даму бағытын таңдауға көмектесу маңызды. «Тұран» университетінің гуманитарлық-заң факультеті Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттері, Алма мектебінде 9, 10, 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің тақырыбы, жыл сайын Тұран университетінде әлемдік саясаттың өзекті мәселелерін талқылауға арналған «БҰҰ моделі» – Тұран Біріккен Ұлттар Ұйымы 2024 моделі (TURAN MUN 2024) қызықты және беделді халықаралық конференциясы болды. Іс-шара өткізу форматы, БҰҰ комитеттерінің отырыстарына жақын болып өткізіледі.

 

Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің директоры, профессор Алтынай Мұхамбедьярованың айтуынша, «БҰҰ моделі» халықаралық конференциясы мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері үшін көшбасшылық, шешендік өнер және дипломатиялық қабілеттерін көрсетудің бірегей мүмкіндігі болып табылады. Конференцияға қатысуға Қазақстаннан және шетелден жоғары сынып оқушылары, колледж және университет студенттері шақырылады, олар БҰҰ мүшелері болып табылатын әртүрлі елдердің делегаттары мен ресми өкілдері ретінде әрекет етеді. Конференция барысында қатысушылар дипломатиялық, көшбасшылық, шешендік өнер, тілдік дағдылар мен ымыраға келу қабілетін меңгереді. Әр комитеттің мақсаты – талқыланатын мәселе бойынша консенсус тауып, қарар қабылдау. Комитеттердегі жұмыс конференцияның ресми сайтында орналасқан Рәсімдік Ережелер негізінде жүзеге асырылады.

 

Қазіргі заманның өзекті мәселелерін талқылауға ерекше рөл беріліп, Делегаттар дипломатиялық этикет нормаларын сақтауы тиіс. «БҰҰ моделі» олардың болашағының маңыздылығын және әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезінуге көмектеседі – оның қажетті, бірегей, қайталанбас құрамдас бөлігі ретінде. Қатысушылар студенттік өмірмен, жаңа әсерлермен және ерекше әсермен танысады!

 

Барлық қатысушылар конференцияның соңында академиялық және кәсіби даму үшін құнды ресми сертификат алады!

Online қабылдау