«Тұран» университетінің студенттері Kolesa Group компаниясына жұмысқа орналасу бойынша кеңес алды

2024 жылдың 11 қазанында Тұран университетінің Мансап және көшбасшылық орталығы студенттердің Kolesa Group компаниясының қызметкерлерімен жұмысқа орналасу тақырыбында кездесуін ұйымдастырды. Интерактивті сессия өткізілді, онда студенттер компанияның «асханасы», тағылымдамадан өту және мансап мүмкіндіктері туралы біле алды. Студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарды қоя алды.

 

Кездесу барысында ең белсенді қатысушылар анықталып, естелік сыйлықтар мен компанияның кеңсесіне экскурсияға шақыру алды.

 

Ең белсенді қатысушылар:

 

  • Акопят Самвел, «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті;
  • Кенже Бекзат, «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті;
  • Персиянов Иван, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті.
Online қабылдау