Тұран университетінің оқытушылары Басқарушылық Кадрлар Университетінде Эрасмус+ KA171 бағдарламасына қатысты

2024 жылдың 28 қыркүйегінен 4 қазанына дейін «Туран» университетінің профессорлары Таяуова Гүлжанат Жұбатқанқызы мен Ниеталина Гаухар Құдайбергенқызы Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында Польшадағы Конин қаласында орналасқан Басқарушылық кадрлар университетінде (University of Management Personnel) дәріс оқыды.

 

Польшада болған уақытта профессорлар Басқарушылық кадрлар университетінің ректоры, профессор Кшиштоф Купинскиймен және Волынь Ұлттық университетінің (Леся Украинка атындағы) профессоры Олена Ивашко мен проректоры Игорь Чулипа, сондай-ақ Грузиядағы Еуропалық университеттің оқытушысы Гурам Шерозиямен кездесу өткізді. Кездесу барысында университеттер арасында ғылыми-зерттеу коллаборациясының мүмкіндіктері талқыланды.

 

Erasmus+ бағдарламасы оқытушылар мен студенттердің тәжірибе алмасуына, кәсіби көкжиегін кеңейтуге және халықаралық білім беру байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.

Online қабылдау