“1С: Кәсіпорын конфигурациясының негіздері” пәнін оқыту әдістері” тақырыбында әдістемелік семинар

Орнықты даму мақсаттарын іске асыру үшін (4-барлығына сапалы білім беру) 2024 жылғы 08 қазанда т.ғ.к., қауым.  «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің профессоры А.К. Мамырова онлайн режимінде “1С: Кәсіпорын конфигурациясының негіздері” пәнін оқыту әдістері” тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.

 

Семинарда А. К. Мамырова 6В06101 “Ақпараттық жүйелер” және 6В06103″Зияткерлік робототехника” білім беру бағдарламалар бойынша 4-курс студенттері үшін “1С: Кәсіпорынды конфигурациялау негіздері” пәнін оқыту әдістемесі туралы айтып, пәнді игеруге қанша  кредиттер берілгенін және білім алушы қандай дағдыларды, білімді, құзыреттілікті алатынын көрсетті.

 

А. К. Мамырова оқу бағдарламасын орнатудың, бағдарламалық ортада деректер мен объектілерді 1С: Кәсіпорын платформасында қалыптастырудың барлық кезеңдерін көрсетті.  Семинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді.

 

Семинар модераторы: Исмаилова Р. Т., т. ғ. к.,  «АЖ»  ЖМ профессоры

Online қабылдау