2024 жылдың 11 қазанында Тұран университетінде «Russell Bedford A+Partner» МАК-тың «Anderson Qazaqstan» ЖШС қызметкерлерімен қонақтық дәрісі ұйымдастырылды.
Қонақ дәрісінде студенттер аудиторлық компанияның қалай жұмыс істейтінін, компанияның негізгі мақсаттары мен міндеттері қандай екенін білді. Аудиторлық компанияның клиенттері туралы пікірталас болды. Студенттер тәжірибеден компаниядағы серіктес лауазымына қалай жетуге болатыны туралы әңгімені тыңдады.
Дәріс аясында өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру туралы әңгіме өрбіді.
Кездесу қонақтары:
Кездесуді Мансап және көшбасшылық орталығы мен Қаржы және бухгалтерлік есеп жоғары мектебі ұйымдастырды.