2024 жылғы 11 қазанда Алматыда “1С технологияларының көмегімен Қазақстан экономикасын цифрландыруға жәрдемдесу үшін экономикалық және IT-білім беруді дамыту” атты XIV ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияда Қазақстанның экономикасын, білімі мен әлеуметтік саласын цифрлық трансформациялаудағы 1С рөлі, жасанды интеллект пен цифрландыруды жаһандық енгізу жағдайындағы жоғары білім беру жүйесін дамытудың жаңа трендтері, білім беруді дамыту және мансап құру үшін 1С білім беру ұйымдарымен ынтымақтастығы сияқты мәселелер қаралды.
Әрине, бұл республикада жоғары білім беруді дамытудың аса маңызды аспектілері.
“Маркетинг және логистика” жоғары мектебінің директоры М.Т. Давлетова, оқытушылар В. Б. Кулик, К. ж. Қадырова, А. Х. Амиргалиева, сондай-ақ “Маркетинг” және “Логистика” білім беру бағдарламаларының студенттері конференция жұмысына қатысты.