«Тұран» университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тұлғалық сәйкестігін жақсарту мақсатында кеңес өткізді

«Тұран» университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке тұлғасын жетілдіру мақсатында жиын өтті. Іс-шараға әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары жүктелген Алматы қаласының мемлекеттік органдарының кадр қызметінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

 

Аталмыш шараға шақырылған тәлімгерлер кеңесінің мүшелері Камалов Бахтияр Камалович пен Джапаров Борис Алекенович өмірде де, кәсіби саласында да жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Мемлекеттің күші қабілетті, адал, сауатты да ашық, елді дамытуға, оны заманауи, табысты, ашық және қауіпсіз етуге бекінген мемлекеттік қызметшілерде екені тағы да баса айтылды.

 

Мемлекеттiк қызметшiлердiң еркiн ойлауы, өз бетiнше шешiмдер қабылдауы және қоғам мен мемлекет алдындағы әлеуметтiк жауапкершiлiгi, сондай-ақ олардың кәсiби шеберлiгi, тәжiрибесi, талап-тілегі мен еңбексүйгіштігі еліміздің тиімді дамуында шешуші рөл атқарады.

 

Кездесу қорытындысы бойынша ардагерлер мемлекеттік қызметшілерге еңбекте табыс пен мансаптық өсу, сондай-ақ белсенді өмірлік ұстаным тіледі.

Online қабылдау