Жаңа деңгейдегі кәсіби және тілдік дағдылар!

2024 жылдың 12– 20  қазан аралығында Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің сениор-лекторы Нышанбаев Нурболат Кайратович Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында Еуропалық Одақтың академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысып, Калиш университетінде (Uniwersytet Kaliski im. Prezydenta Stanisława Wojciechowskiego) тағылымдамадан өтуде.

 

Erasmus+ бағдарламасына қатысу – «Тұран» университетінің халықаралық ынтымақтастықты дамыту және білім беру сапасын арттыру стратегиясының маңызды бөлігі. Калиш университеті Польшаның беделді мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі, онда 40 түрлі білім беру бағдарламасы бойынша шамамен 3200 студент білім алады.

 

Калиш университетіндегі тағылымдама кезінде оқытушылар әлемнің әртүрлі елдерінен келген әріптестерімен бірге ғылыми-зерттеу ынтымақтастығының мүмкіндіктерін талқылап, жаңа байланыстар орнатады. Мұндай іс-шаралар университеттер арасындағы тәжірибе алмасуға, оқытушылар мен студенттердің білімін кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

 

Erasmus+ бағдарламасының аясында біздің оқытушылар кәсіби және тілдік дағдыларын жетілдіріп, оқу материалдары мен әдістемелерін жаңартады, сондай-ақ университеттер арасындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосады.

Online қабылдау