«Тұран» университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасымен бірлесіп: «Заң білімін дамытудың қазіргі заманғы үрдістері» тақырыбында ЖОО аралық әдістемелік семинар

2024 жылғы 8 қазанда «Тұран» университетінің Құқық Жоғары мектебі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасымен бірлесіп, БҰҰ ОДМ-нің 17-мақсатына сәйкес орнықты даму контексінде «Заң білімін дамытудың қазіргі заманғы үрдістері» тақырыбында ЖОО аралық әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында қатысушылар тұрақты дамуға қол жеткізу үшін серіктестікті күшейту қажеттігіне назар аудара отырып, заң білімі саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Жаһандық сын-қатерлер жағдайында тиімді жұмыс істеуге қабілетті мамандарды даярлауға бағдарланған қазіргі заманғы білім беру практикаларын енгізуге ерекше назар аударылды.

Online қабылдау