«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі оқытушылары А. С. Қошкинбаева, Т.А. Тоқтыбеков және Г. Ш. Аталықова кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Медеу ауданының ПБ қызметкерлерімен кездесу өткізді

2024 жылдың 21 қазанында «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі оқытушылары А.С. Қошкинбаева, Т. А. Тоқтыбеков және Г. Ш. Аталықова кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Медеу ауданының ІІБ қызметкерлерімен кездесу өткізді.

 

Іс-шараның негізгі бағыты «Құқықтану» және «Интелектуалды  меншік құқығы» бағыттары бойынша магистратура мен докторантураға түсу тақырыбында болды. Оқытушылар қызметкерлерді университеттің білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерімен, олардың академиялық құрамдас бөліктерімен және мамандар даярлаудың практикалық аспектілерімен таныстырды.

 

Құжаттарды тапсыру шарттарын, түсу емтихандарының мерзімдерін және дайындық мүмкіндіктерін қоса алғанда, талапкерлерге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі қаралды. Осы бағыттағы түлектердің мансаптық өсу перспективаларына және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы біліктілігін арттырып, білімін кеңейте алатын құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін одан әрі оқытудың артықшылықтарына ерекше назар аударылды. Кездесу барысында оқытушылар қатысушылардың жұмыс пен оқуды ұштастыруға, сондай-ақ одан әрі ғылыми жұмыс пен халықаралық жобаларға қатысу үшін әлеуетті мүмкіндіктерге қатысты сұрақтарына жауап берді.

Online қабылдау