2024 жылдың 18-19 қазанында Астанада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «CONNECTED-2024: Болашақ бейнесін түсіну» атты халықаралық конференция өтті.
Конференцияға ректор Р.А. Алшанов пен сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректор Г.Ж. Таяуова қатысты.
Іс-шара бағдарламасында спикер ретінде Нобель сыйлығының лауреаттары, ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, жазушылар, сондай-ақ әлемдегі жетекші EdTech компанияларының негізін қалаушылар мен өкілдері сөз сөйледі. «CONNECTED-2024» конференциясы әлеуметтік прогреске үлес қосуға дайын жаһандық өзгерістер агенттерін және қатысушыларды жинады.