«Тұран» университетінің құқық жоғары мектебінің «Саналы Ұрпақ» ұйымының белсенділері БҰҰ-ның № 16 ОДМ сәйкес келетін тұрақты даму аясында «Бала құқықтарын қорғаудың өзекті бағыттары мен практикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, 30 қазан күні «Балалар әл-ауқаты: Бала құқықтарын қорғаудың өзекті бағыттары мен тәжірибелері» тақырыбында БҰҰ ТДМ-нің №16-мақсатына сәйкес келетін тұрақты даму контекстінде дөңгелек үстел өткізілді.

 

Іс-шараға Тұран университетінің «Саналы ұрпақ» ұйымының белсенділері, Тұран университетінің Құқық жоғарғы мектебінің студенттері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушылары, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Саналы ұрпақ» ұйымының белсенділері, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің «Саналы ұрпақ» ұйымының белсенділері және Тұран колледжінің студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында балалар құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен озық тәжірибелер талқыланды.

 

Қатысушылар балалардың құқықтық жағдайын жақсарту, олардың әлеуметтік және психологиялық әл-ауқатын арттыру бойынша нақты ұсыныстар білдірді. Жиында жасалған ұсыныстар мен бастамалар еліміздегі балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға, олардың құқықтарын қорғаудағы заңнамалық базаны жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болды.

Online қабылдау