2024 жылғы 12 қарашада «Тұран» университеті колледжінің білім алушылары үшін «Армандар, мансап, жетістік және оған қалай жетуге болады» тақырыбында ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында университеттің табысты түлектерімен кездесу ұйымдастырылды: жобалар менеджері, гид-экскурсовод («Туризм» Б) Соколова Ирина және кофехананың әкімшісі («Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі » ББ) Горбунов Тимур өз тәжірибелерімен бөлісіп, университетте оқудың оларға мансапта жетістікке жетуге қалай көмектескенін айтты.
Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің оқытушысы Мусаев М.А. брондау және резервтеу жүйелерімен (Sabre, R-Keeper, Shelter) жұмыс істеу бойынша мастер-класс өткізді. Сениор – лектор А.В. Величко викторина ұйымдастырып, оның жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шарада гуманитарлық-заң факультетінің деканы Ерубаева Г.К., Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің директоры Шидерина Г.Н. мен МҚКД қызметкерлері сөз сөйлеп, «Туризм», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» және «Туризм мен қонақжайлылық инновацияларын басқару» сияқты білім беру бағдарламаларына түсу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Тұран университеті колледжіне ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!