Сіздерді «Шексіз Қазақстан» туристік жобалар байқауына шақырамыз

ҚР мектептерінің (10-12 сыныптар), колледждерінің оқушыларын «Шексіз Қазақстан» туристік жобалар конкурсына қатысуға шақырамыз.
Байқау 2 кезеңде өтеді:

 

1-ші кезең сырттай өтеді. Конкурсқа қатысушылар нысанға сәйкес өтінімдерді ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына ұсынуы тиіс. Өтінімдерге мыналар кіреді:

 

  • а. Команданың видео-презентациясы (команданың атауы, эмблемасы, ұраны, мүшелерді таныстыру, команда тарихы), ұзақтығы – 2 минут.
  • б. «Қазақстанның туристік бренді» тақырыбында оның туристік және сервистік қызметін ашатын видео ролик (ұзақтығы 3 минут). Барлық өтінімдерді 2024 жылғы 29 қарашаға дейін Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің сениор-лекторы Шаңбай Ілесбек Нұрлыбекұлы электрондық поштасына жіберу қажет: i.shangbay@turan-edu.kz.

 

Екінші кезең «Тұран» университетінде өтеді. Оған тек 1-ші кезеңнен өткендер ғана қатыса алады. Шақырулар өтінімдерде көрсетілген электрондық пошта бойынша жеке жіберіледі. 2-ші кезеңде қатысушылар мыналарды ұсынуы тиіс:

 

Берілген «Шексіз Қазақстан» тақырыбындағы жобаның тұсаукесері (регламент – 5 минут). Баяндамада аудио және видео мазмұндарды қолданған жөн.

 

Байқаудың мақсаты – ішкі туристік нарыққа және елдің қонақжайлылық нарығына жастар арасында назар аудару.

 

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Тұран» университетінде оқу ақысын төлеу кезінде мектептер мен колледждердің түлектері үшін 1-ші оқу жылына ақы төлеу кезінде жеңілдіктер беріледі:

 

  • 1-ші орын – 15%;
  • 2-ші орын – 10%;
  • 3-ші орын – 5%.

 

Видеолар мен презентацияларға конкурстың ережесінде көрсетілген бірқатар талаптар бар. Сондай-ақ, өткен жылдардағы жобалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

 

Бұл байқау өзіне сенетін, табысқа ұмтылатын және туризм мен қонақжайлылық саласындағы білімінің арқасында жеңілдікпен жоғары білім алғысы келетін талапкерлерге бағытталған.

 

Ережені жүктеу
Online қабылдау