GLOBAL NETWORKING TURAN 2024

2024 жылдың 15 қарашасында сағат 15.00-де Тұран университетінде Халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің үйлестіруімен «GLOBAL NETWORKING TURAN 2024» іс-шарасы өтті. «Тулар аллеясында» серіктес елдердің туын көтеру салтанатты рәсімі «Тұран» университетінің білім және ғылым саласындағы шет мемлекеттердің университеттерімен жемісті ынтымақтастығының символы болып табылады.

 

Тұран университеті әрқашан достық пен өзара сыйластық қағидаттарын ұстанып, осы айтулы оқиғаның арқасында жоғары білім мен ғылыми прогресс саласында шығармашылық және гуманистік серіктестік қажет екенін айғақтайды.

 

Бүгінгі таңда ғалымдардың ғылыми және білім беру қызметінің озық тәжірибесін біріктіру, мемлекеттердің даму игілігі үшін жоғары білім берудің жаңа үлгілерін жасау бұрынғыдан да маңызды.

 

Іс-араны ұйымдастыруға «Тұран» университетінің ректоры Р.А.Алшанов, сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проектор Таяуова Г.Ж., тарих ғылымдарының докторы, профессор Камалов А.К., профессор Мухамбедьярова А.Т., аға оқытушы Нышанбаев Н.К. елеулі үлес қосты.

 

Іс-шараға қатысты:

  • Әбдрашов Ж.Ж. – Ерекше тапсырмалар бойынша Елші – Қазақстан Республикасы СІМ-нің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы;
  • Эврен Мүддерисоғлу – Түрік Республикасының Бас консулы;
  • Анар Надир оглы Хусейнзаде – кеңесші, Әзірбайжан Республикасы Елшілігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы;
  • Асанқұлов Ж.А. – Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы; Гвидас Керушаускас – Литва Республикасының Алматыдағы Бас консулы;
  • Хесус Видал Барелло – Испания елшілігінің сауда-экономикалық кеңесшісі; Матчанов Р.М. – Өзбекстан Республикасының Алматыдағы Бас консулы;
  • Цзян Вэй ханым – Қытай Халық Республикасының Бас консулы;
  • Хуан Сяоминь ханым – Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының білім жөніндегі консулы;
  • Саболч Карой Сёке – Венгрияның Алматыдағы Бас консулы;
  • Маурицио Сбараини – Италия Республикасының Алматыдағы Елшілігінің консулдық өкілі;
  • Амир Пирич – Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің директоры және ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстандағы өкілі.

 

Бейне үндеу арқылы тікелей желіге АҚШ, Польша, Венгрия, Франция және Оңтүстік Кореядан академиялық ұтқырлық аясында білім алып жатқан Тұран университетінің студенттері де қосылды.

Online қабылдау