«Қазақстанның және орта державалардың қауіпсіздікті, тұрақтылықты жорнықты дамуды ілгерілетудегі рөлі»

Құрметті әріптестер! Сіздерді «Қауіпсіздікті, тұрақтылықты және тұрақты дамуды ілгерілетудегі Қазақстан мен Орта державалардың рөлі» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз. Іс-шара 2024 жылдың 12 желтоқсанында сағат 14-00, Тұран университетінде өтеді.

 

Конференцияның мақсаты – әлемдегі қазіргі геосаяси өзгерістер контекстіндегі «орта державалар» тұжырымдамасын және көпполярлы әлемдік тәртіптің қалыптасуы мен қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азияның ұлттық және ұжымдық қауіпсіздігі, тұрақтылығы мен орнықты дамуындағы Қазақстанның рөлін, халықаралық қатынастар дамуын ілгерілетудегі рөлін талқылау.

 

Халықаралық дөңгелек үстел аясында келесі бағыттар бойынша мәселелер талқыланады:

  • қазіргі геосаясаттағы орта державалардың орны мен рөлі: теория мен тәжірибе;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан және орта державалардың рөлі: қауіпсіздікке, тұрақтылыққа және орнықты дамуға жәрдемдесу» мақаласындағы орта державалардың рөлін түсіну;
  • Қазақстанның жаһандық турбуленттілік жағдайында орта держава ретіндегі стратегиясы;
  • қазіргі кезеңдегі Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының жаңа контурлары;
  • орта держава стратегиясын жүзеге асырудың әлеуметтік-экономикалық және мәдени қырлары.

 

Тұран университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебі жанындағы Аймақтық зерттеулер орталығының ұйымдастыру комитеті бағдарламаға барлық ұжымдық және жеке хабарламалар мен баяндамаларды енгізеді.

Online қабылдау