15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі! 💰🎉
Осы іс-шара аясында «Тұран» кітапханасында «Қаржы және есеп» жоғары мектебінің профессоры Мұхтар Салтайұлы Ержановпен кездесу өтті. 👨🏫
Кездесуге жоғары мектеп оқытушылары, мектеп директоры Ирина Владимировна Селезнева және ақпараттық-кітапханалық ресурстар бөлімінің жетекші маманы Жансая Джузбаева қатысты.
Іс-шара аясында Мұхтар Салтайұлы жазған кітаптар, қаржыгерлер мен бухгалтерлерге арналған классикалық және күнделікті қажет кітап деп санайтын әдебиеттер талқыланды. 📚💡