Қазақстандағы зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасын дамыту жөніндегі дөңгелек үстел

Қазақстанда сот сараптамасының жаңа түрі – зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасын дамыту перспективаларын талқылау аясында «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі мен Республикалық сот сарапшылары палатасымен бірлесе отырып, 2024 жылғы 5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының, Зияткерлік меншік құқығы Департаментінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының, университеттердің, бизнес қауымдастықтардың, патенттік өкілдер мен адвокаттардың қатысуымен Дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр. Қатысу форматы гибридті және онлайн болып табылады. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сәтбаев көш., 16, а.

 

Мүдделі тұлғалар қатысуға шақырылады, өтінімдер жауапты тұлғаның электрондық поштасына жіберіледі: z.dyussebayev@turan-edu.kz

Online қабылдау