ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесінің секциялық отырысын «Тұран» университетінде өткізген туралы

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен  2024 жылдың 22 қарашасында «Тұран» Университетінде «Жас Сәтбаевшылар» атты Қазақстан жас ғалымдарының I Конгресінің аясында “Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану» басым бағыты бойынша секциялық отырысы өтті.

 

Аталған іс-шараға ғылыми зерттеулерінің нәтижесімен бөлісуге Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген үздік жас ғалымдар баяндамаларымен бөлісті.

 

Секциялық отырыс қорытындысы ретінде қарар талқыланып, конгресс ұйымдастыру алқасына ғылым саласындағы әртүрлі күрделі мәселелер мен олардың шешу жолдарына қажетті ұсыныстар ұсынылды.

Online қабылдау