«Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» ББ студенттерінің тәжірибиелік сабағы

2024 жылғы 25 қарашада «Мейрамханалар мен қонақ үйде қызмет көрсету технологиясы» пәні аясында студенттер Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің сениор-лекторы Б. М. Демеуованың жетекшілігімен Rixos Almaty қонақ үйіне барды.

 

Қонақтарды HR менеджері мен хостес қарсы алды. Студенттер үшін қонақ үй бойынша экскурсия ұйымдастырылды: ресепшеннің жұмысы, тамақтануды ұйымдастыру, түрлі санаттағы нөмірлер, соның ішінде Президенттік люкс көрсетілді.

 

Сондай-ақ, қонақ үй өкілдері практикадан өту мүмкіндіктері, қызметкерлерді іріктеу процесі және қызметкерлерге қойылатын негізгі талаптар туралы айтып берді.

 

Кездесу сұхбат форматында өтті, онда студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды. Іс-шара Rixos Almaty-мен одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылаумен аяқталды.

 

Студенттер риза болып, алған білімдері мен құнды тәжірибелері үшін алғыстарын білдірді.

Online қабылдау