«Тұран» университетінде Starks of Turan ұйымының ұйымдастыруымен ұмытылмас «Golden Hour» маскарад балы өтті. Іс-шара банкет залында жылы әрі жайлы атмосферада өтіп, көптеген қонақтарды жинады. Сондай-ақ, басқа университеттерден де қонақтар шақырылды. Кештің атмосферасы талғампаздық пен өнер рухына толы болды.
Балдың ашылуы салтанатты вальспен басталды. Вальс сиқырлы кештің басталуын бейнелеп, ерекше мерекелік атмосфераны қалыптастырды.
Кеш әрі қарай шақырылған ұйымдардың жарқын шығармашылық нөмірлерімен жалғасты: ADC, Lawless, Turan’s Trumps, WayD, Orlean, Shisai және ASM ұйымдарының би қойылымдары, сондай-ақ Muslab және Unix ұйымдарының дайындаған вокалдық өнер көрсетулері. Әрбір нөмір өзіндік ерекшелігімен көзге түсіп, көрермендердің ду қол шапалағына ие болды.
Кештің шарықтау шегі дискотека болды, онда барлық қатысушылар би билеп, музыкалық атмосферадан ләззат алды. Қатысушылардың бір-бірімен араласуы, ренкті киімдері мен маскалары кешті тек қызықты ғана емес, шынымен есте қаларлықтай етті.
Іс-шара барлығына ұмытылмас әсер қалдырды.