10 қазанда 606 аудиторияда «Ақпараттық жүйелер» және «Зияткерлік робототехника» ББ 3 курс студенттеріне «Бизнесте машиналық оқытуды қолдану» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Студенттер алдында Каспий банкінің деректер талдаушысы Саматұлы Санжар сөз сөйледі.
Дәріс барысында Санжар балалармен деректер талдаушысы ретіндегі тәжірибесімен бөлісті. Сонымен бірге машиналық оқытудың пайда болу тарихына тоқталып, сату сұранысын болжау үшін машиналық оқытуды бизнесте қолдану туралы толығырақ баяндады. Дәрістен кейін балалар деректерді талдауға қажетті технологиялар стегі, деректерді талдаушыға қажет білім мен дағдылар туралы сұрақтар қойды.
Дәрісті ұйымдастырушы – Ким Екатерина Романовна, т.ғ.к., «Тұран» Университетінің Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры.