11 қазанда 317 аудиторияда «Ақпараттық жүйелер» және «Зияткерлік робототехника» ББ 2 курс студенттеріне «Camunda платформасы арқылы бизнес-процестерді автоматтандыру» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Студенттер алдында «One Technologies» жобасының Java тілінде әзірлеушісі Нағашбайұлы Өркен сөз сөйледі.
Дәріс барысында Өркен Camunda платформасының көмегімен бизнес-процестерді автоматтандыру туралы айтты. Сондай-ақ, ол студенттің оқу орнынан анықтама алу процесін егжей-тегжейлі қарастырды. Дәрістен кейін студенттер платформа туралы, бизнес-процестерді автоматтандыру не үшін қажет және ақпараттық жүйелерді жобалау процесінде қандай орын алатындығы туралы сұрақтар қойды.
Дәрісті ұйымдастырушы – Ким Екатерина Романовна, т.ғ.к., «Тұран» Университетінің Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры.