Құқық жоғары мектебі ТДМ 16 шеңберінде Халықаралық Адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстел өткізді

2024 жылғы 10 желтоқсанда “Тұран” университетінің Құқық жоғары мектебінің Коворкинг-орталығының конференц-залында Халықаралық Адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстел сәтті өтті. Іс-шара бейбіт және ашық қоғам құруға жәрдемдесуге, барлығына сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге және тиімді, есеп беретін мекемелер құруға бағытталған БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 16) іске асыру шеңберінде өтті.

 

Талқылау барысында қатысушылар қазіргі заманғы сын-қатерлер мен құқықтық реттеу мүмкіндіктеріне ерекше назар аудара отырып, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты өзекті мәселелердің кең ауқымын қозғады.

 

Дөңгелек үстелге “Халықаралық құқық”, “Құқықтану”, “Бизнесті құқықтық сүйемелдеу (корпоративтік заңгер)”, “Қоғаммен байланыс” білім беру бағдарламаларының студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

 

Шақырылған сарапшылардың баяндамалары талқылауға ерекше мән берді: адвокат, құқық докторы PhD, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі халықаралық консультанты Халида Қанатбекқызы адам құқықтары саласындағы жаһандық бастамалар туралы айтып, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Қазақстанда әйелдер құқығын қорғауды және әлеуметтік бастамаларды іске асыруды жақтайтын қылмыстық істер жөніндегі адвокат Жанна Мұхамадиқызы Оразбахова халықтың осал топтарын қорғаудың негізгі проблемаларын ашты.

 

Дөңгелек үстел модераторлары университетінің Құқық жоғары мектебінің директоры, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Жұмабаева Қарлығаш Асильханқызы және университетінің Құқық жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к., Момышева Фархия Саутбекқызы ашық және сындарлы диалог атмосферасын құра отырып, пікірталасты шебер бағыттады.

Online қабылдау