2024 жылғы 10 желтоқсанда Қаржы және есеп Жоғары мектебі «Тұран» колледжінің «Банк және сақтандыру дело» және «Есеп және аудит» мамандықтарының бітіру курстары үшін Ашық есік күнін өткізді.
Ашық есік күні Public Talk форматында өткізілді, онда қаржы нарығының жетекші мамандары, «Тұран» университетінің табысты түлектері колледж білім алушыларымен ашық бейресми диалог өтті.
Маркетинг және қабылдау науқаны департаментінің директоры Д. К. Нұртаева, «Тұран» университетінің экономика факультетінің деканы Л. М. Байтенова, Қаржы және есеп Жоғары мектебінің директоры И. В. Селезнева құттықтау сөз сөйледі.
Кездесуде жетекші спикерлер Оразбаев Ернар Құрақұлы, «Онлайн Қазқаржы МҚҰ» АҚ қарыз алушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры, Абиев Тимур Әнуарұлы, «Есеп» бухгалтерлердің кәсіби ұйымы аппаратының басшысы, Марғацкий Роман Владимирович, «Alaqan Pay» ЖШС төлем ұйымының бас директоры мансаптағы кәсіби қадамдарының тәжірибесімен бөлісті. Мамандықтағы алғашқы қадамдардың қызықты фактілерін тыңдаушылар үлкен ықыласпен қарсы алды.
Спикерлердің әңгімесі бейресми сипатта болды, бұл қатысушыларға қаржы секторын дамытудың маңызды бағыттары бойынша ұсынылған викторина сұрақтарына қызығушылықпен жауап беруге мүмкіндік берді. Викторина жеңімпаздары серіктестер мен университеттің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Аудитория алдында «Қаржы» ББ «Тұран» университетінің түлегі, қазіргі кезде орта бизнеске классикалық кредит беру бағытының сарапшысы Кун Владимир сөз сөйледі («Банк ЦентрКредит» АҚ).
Бітіру курсының студенті Сейшонло Лейла өзінің оқудағы және студенттік ғылымдағы жетістіктерімен бөлісті. Осы іс-шараның республикалық кезеңінің жеңімпазы ретінде Сочиге қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадаға сапары туралы айтты.