2024 жылдың 12 желтоқсанында Тұран университетінде Халықаралық қатынастар және дипломатия Жоғары мектебі жанындағы Аймақтық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның және Орта державалардың қауіпсіздікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды ілгерілетудегі рөлі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Халықаралық дөңгелек үстелдің мақсаты – әлемдегі қазіргі геосаяси өзгерістер және көпполярлы әлемдік тәртіптің қалыптасуы жағдайында «орта державалар» тұжырымдамасын және Қазақстанның қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлін, ұлттық және ұжымдық қауіпсіздікті ілгерілетудегі, Орталық Азияның тұрақтылығы мен тұрақты дамуын нығайтудағы рөлін талқылау.
Дөңгелек үстел келесі бағыттардағы мәселелерді талқылауға арналған пікірталас алаңы болды:
Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанұлы Алшанов кіріспе сөз сөйледі.
Халықаралық дөңгелек үстелдің мәртебесін Түркия, Өзбекстан, Ресей ғалымдарының баяндамалары берді.
Қазақстан Республикасы СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің арнайы тапсырмалары бойынша өкілдері; БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және Қазақстандағы БҰҰ ақпараттық кеңсесінің басшысы; Қазақстан Республикасы СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының басшысы, Астана қ.; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Білім және әлеуметтік даму ғылымдары орталығының басшысы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институты Цифрлық әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар орталығының басшысы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері белсенді қатысты.