9-шы Халықаралық
“ЖАҺАНДАНУ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ: СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР, СТРАТЕГИЯЛАР ЖӘНЕ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ” конференциясы туралы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
28–29 қаңтар 2025 жыл
«Тұран» университеті Үндістанның Сауда және басқару қауымдастығымен (CMAI) серіктестікте «Жаһандану мен тұрақтылық: сын-тегеуріндер, стратегиялар және болашаққа бастар жол» атты 9-шы Халықаралық конференцияны өткізеді. Конференция жаһандану жағдайындағы тұрақты дамудың негізгі аспектілерін талқылауға бағытталған және жетекші ғалымдар, мамандар, саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері арасында диалог алаңын ұсынады. Тақырыптар тұрақты бизнес тәжірибелері, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, жасыл қаржыландыру мен инновациялар, климаттың өзгеруі және цифрландыру сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтиды.
Конференция серіктесі – Үндістанның Сауда және менеджмент қауымдастығы (CMAI), коммерция, басқару және түрлі салаларда үздік тәжірибелерді дамытуға бағытталған жетекші ұлттық ұйым. CMAI болашақ көшбасшыларды дайындауға, интеллектуалдық өсуге және кәсіби тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
Негізгі тақырыптық бағыттар
Іс-шараға ғалымдар, сарапшылар, талдаушылар, академиялық қызметкерлер, саясаткерлер, зерттеушілер, кәсіпкерлер, басқару саласындағы мамандар және барлық мүдделі тұлғалар қатысуға шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Форматы: офлайн және онлайн (аралас).
Ұйымдастыру комитеті:
Конференция директоры: Профессор Сандип Кулшрештха, Туризмді зерттеу және академиялық байланыстар орталығының директоры, Химачал-Прадеш орталық университеті, IITTM-нің бұрынғы директоры, Гвалиор, Үндістан.
Конференция жетекшісі: Ассоц. профессор Гүлжанат Таяуова, сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректор, «Тұран» университеті, Алматы, Қазақстан.
Конференция жетекшісі: Доктор Санджай Арора, сауда және басқару кафедрасының доценті, Гуру Нанак Халса колледжі, Ямуна Нагар, Харьяна, Үндістан.
Конференция хатшысы: Профессор П.Н. Хари Кумар, Сауда кафедрасы, Керала университеті, Тривандрум, Махатма Ганди университетінің Сауда және басқару факультетінің деканы, Коттаям, Керала.
Ұйымдастыру хатшысы: Профессор Раджендер Кумар, Радждани колледжі, Дели университеті, Дели, Үндістан.
«Тұран» университетінің ұйымдастыру комитеті (Қазақстан):
Кеңес беру комитеті (Үндістан):
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сәтбаев көшесі 16А, «Тұран» университеті.
Өтетін күні: 2025 жылғы 28–29 қаңтар
Конференцияға сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/88212877689?pwd=a6lhbqvqIGpbw4TAKD8klIKQef1qR1.1
Конференция идентификаторы: 882 1287 7689
Коды: 547407
Эл. пошта: international@turan-edu.kz
Телефон: +7 727 260 40 23
*Үндістан делегациясы шамамен Үндістанның 15 шақты жоғарғы оқу орнынан 70 кісілік профессорлар құрамынан тұрады (тізім толықтырылуда)