2025 жылғы 28 қаңтарда «Тұран» университетінде Үндістанның Сауда және менеджмент қауымдастығымен (CMAI) бірлесіп ұйымдастырылған «Жаһандану және тұрақтылық: сын-қатерлер, стратегиялар және болашаққа бастар жол» атты 9-шы Халықаралық конференция өтті.
Конференция жаһандану жағдайындағы тұрақты дамудың негізгі аспектілерін талқылауға бағытталған. Талқыланған тақырыптар ауқымы кең – тұрақты бизнес-тәжірибелер, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, жасыл қаржыландыру мен инновациялар, климаттың өзгеруі және цифрландыру мәселелері қарастырылды.
Конференцияның серіктесі – Үндістанның Сауда және менеджмент қауымдастығы (CMAI), коммерция, менеджмент және оларға қатысты салалардағы озық тәжірибені дамытуға бағытталған жетекші ұлттық ұйым. CMAI болашақ көшбасшыларды даярлауға, зияткерлік өсуді қолдауға, үздік тәжірибелерді насихаттауға және білім мен кәсіби дамуға негізделген қауымдастық құруға үлес қосады.
Конференцияның ашылу салтанатында «Тұран» университетінің ректоры, Қазақстан Республикасының ЖОО қауымдастығының президенті, профессор Рахман Алшанов, «Тұран» университетінің халықаралық байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры, қауымдастырылған профессор Гүлжанат Таяуова, Үндістанның Сауда және менеджмент қауымдастығының (CMAI) президенті профессор Сандип Кулшрештха, Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Нагендра Прасад, Үндістан мен Бутанға арналған БҰҰ Ақпараттық орталығының директоры Даррин Фаррант, БҰҰ-ның жаһандық коммуникациялар жөніндегі өкілі Властимил Самек, ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігінің саяси ынтымақтастық басқармасының жетекшісі Алмаша Аренова, Үндістан Елшілігінің Алматыдағы өкілдігінің екінші хатшысы (консул) Шри Котхаваде Свапнил Шарад, Үндістан Елшілігінің Астана қаласындағы Шри Вивекананда мәдени орталығының директоры Санджай Веди, Химачал-Прадештегі Сардар Патель университетінің вице-канцлері профессор С.Л. Чандан, Курукшетра университетінің (Харьяна) профессоры Санджай Арора, Химачал-Прадештің Орталық университетінің құрметті вице-канцлері профессор Сат Пракаш Бансал сөз сөйледі.
Конференцияға қатысу және баяндама жасау үшін Үндістаннан 21 мемлекеттік университет пен колледжден 63 профессор мен ғалымнан тұратын 67 адамдық делегация келді:
Конференцияда қатысушылар жаһандану жағдайындағы тұрақты даму мәселелерінің кең ауқымдылығын талқылады. Негізгі назар тұрақты бизнес-тәжірибелерге, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке, жасыл қаржыландыруға, инновациялық тәсілдерге, климаттың өзгеруімен күреске және тұрақтылыққа қол жеткізудегі цифрландырудың рөліне аударылды.
Конференцияның (жобаның) жетекшісі – «Тұран» университетінің халықаралық байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры, қауымдастырылған профессор Таяуова Гүлжанат.
Конференция бағдарламасымен мына жерден таныса аласыз.