Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің PhD докторанты “Тұран” университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті

Ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде 2025 жылғы 13-24 қаңтардан бастап Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің “Менеджмент” білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты Салқынбаева Фатима Давитбайқызы “Тұран” университетінде “Экономика және менеджмент” жоғары мектебінің зерттеуші-профессоры, сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры Гүлжанат Жұбатқанқызы Таяуованың жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Тағылымдамадан өту барысында докторант докторлық диссертация материалдарын талдау бойынша жемісті жұмыс жүргізді, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы шеңберінде әдістеме және зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша бірқатар консультациялар алды. Аяқтағаннан кейін докторант ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификат алды.

Online қабылдау