2025 жылғы 3-4 наурыз аралығында «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі мектептердің, лицейлердің, колледждердің жоғары сынып оқушыларына «Үй жануарларын қорғаудың құқықтық мәселелері: ақиқаты мен перспективалары» өзекті тақырыбында онлайн конкурс өткізеді. Конкурс 11 (ТДМ) – «Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық орнықтылығын қамтамасыз ету» мақсаты шеңберінде өткізіледі. Конкурстың мақсаты: құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы арттыру; үй жануарларын асырау үшін заңды және азаматтық жауапкершілік; жастардың құқық қорғау белсенділігін арттыру болып табылады.